Келер жылы зейнетақы мен жәрдемақы көлемі артады

Келер жылы зейнетақы мен жәрдемақы көлемі артады

Келер жылдан бастап базалық зейнетақы көлемі 9 пайызға өсіп 12 мың 802 теңгені құрайды. Әлеуметтік жәрдемақы көлемі де 7 пайызға артады. Бұл туралы Мәжілісте алдағы 3 жылға арналған бюджет жобасын талқылау барысында белгілі болды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, орташа зейнетақы көлемі 60 мың теңгеден асады. Ал,  2018 жылдан бастап жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін 5 пайыз зейнетақы жарнасын төлеуге міндеттеледі. 

 

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінгі таңда 10 пайыз біздің жалақыларымыздан ұсталып келе жатыр. Енді 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан жұмыс беруші қосымша 5 пайыз үстінен төлейді. Әрине бұл төлемдер бюджеттік сала қызметкерлеріне де тиесілі болады. Сондықтан біздің бюджеттен 2018 жылға 76,2 млрд теңге, 2019 жылға 77,2 млрд теңге бюджеттік сала қызметкерлері үшін осы жарналар қарастырылған.