Астанада Шығыс Қазақстан облысының күндері өтуде

Астанада Шығыс Қазақстан облысының күндері өтуде

Тәуелсіздік жылдары қайта түлеп, жаңадан 48 өнеркәсіп орнын ашқан Шығыс Қазақстан облысы ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан өңір. Түсті металдың отаны саналатын аймақ ірі өндіріс орындарымен қоса, тамақ өнеркәсібінде де алдыңғы қатарда. Бұл туралы Астанадағы Шығыс Қазақстан облысы күндеріне байланысты ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мәлім етті. Аймақтың шаруалары Елордадағы жәрмеңкеге 300 тонна ауылшаруашылық өнімдерін әкелген. Мысалы, шығыс еліміздегі сүт өндіруден бірінші орынға шықса, ет пен бал шаруашылығында да жетекші орын алады. Шығыс Қазақстан облысының туризм саласында да мүмкіндігі зор. Қазір аймақта саяхатшыларды қабылдайтын 380 нысан бар. Олар бір мезетте 212 мың туристі қабылдай алады. Сондықтан шығыстың туристік әлеуетін арттыру бүгінгі күннің басты талабы. Қазір облыстағы маңызды кешендерді байланыстыратын жолдарды жөндеу жұмыстары қолға алынған.

 

ЖАҚСЫЛЫҚ ОМАР, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Келесі жылдан бастап біз Алакөлдегі жағажайды күрделі жұмыстарды бастайын деп отырмыз. скл. Келесі жылы біз жарты млрд суммаға сол жерде үлкен жұмыстар жүргіземіз. 27 20 Бізге тарихшы археологтар жиі келеді. Сондықтан облыста кешенді жоспар жасап, осы тұста біз биыл Берелде, Шіліктіде, Аягөзде, Абайда, Тарбағатай аудандарында қазба жұмыстарын жүргізіп келесі келген туристерге қонақтарға осы еліміздің ұлтымыздың тарихынан сыр шерткізуге жағдай жасап жатырмыз.

 

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Шығыс Қазақстан облысының кітап көрмесі өтіп жатыр. Онда өңірдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен Абай, Шәкерім сынды ұлы ақындардың еңбектері қойылған. Сондай-ақ, аймақ кәсіпорындарының өнімдері де көпшлік назарына ұсынылған. Келушілер аймақтың экономикалық және бизнестегі мүмкіндіктері, өлкенің көрікті жерлері жөнінде мағлұматтармен таныса алады. Айта кетейік, биыл Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдық мерейтойына орай, кітапханашылар оның есімімен байланысты 1200 еңбекті жинақтап, оқырмандарға ұсынып отыр. 

 

ГҮЛМИРА АЯЗБАЕВА, ШҚО АБАЙ АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгін біз Шығыс өңіріндегі қос халықтың атымен аталып отырған Өскемен қаласындағы "Пушкин атындағы кітапхана" мен Семей қаласындағы "Абай атындағы кітапхана" өзіміздің кең көлемді кітап көрмесін әкеп отырмыз. "Шығыс Қазақстан тәуелсіздік белестері" тақырыбындағы  кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырудағы біздің басты мақсатымыз- Шығыс Қазақстан өңіріндегі танымал тұлғаларды, ғажайып табиғатын, ондағы бұгінде еліміздің экономикалық дамуына үлес қосы отырған, қарыштап дамып келе жатқан ел экономикасын осы Астаналық  оқырман қауымға көрсету.