Ауыл мұғалімдері де шетелдің озық білім ордаларында оқуын жетілдіре алады

Ауыл мұғалімдері де шетелдің озық білім ордаларында оқуын жетілдіре алады

Келер жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы аясында ауыл мұғалімдері де шетелдің озық білім ордаларында оқуын жетілдіре алады.  Бұл жөнінде «Болашақ» бадарламасының III халықаралық конференциясында айтылды. Осы санаттағы талапкерлер үшін енді ағылшын тілі бойынша "Айлтс" көрсеткішінің шектік балы 4-ке төмендетілді. Сондай-ақ, шалғайдағы  ұстаздардың оқуды еңбекпен өтеу мерзімі бес жыл емес, одан біршама қысқарады.  Өз сөзінде Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова халықаралық «Болашақ» бағдарламасын президенттің басқарушылардың жаңа буынына салған инвестициясы деп атады. Сондай-ақ  Қазақстанға кадр дайындаудың әлемдік жүйесіне ықпалдасуға серпін беретіндігін алға тартты.  Жалпы 23 жыл ішінде бағдарлама бойынша  мемлекеттік стипендия 12 мыңнан артық үміткерге тағайындалыпты. Жалпы  8,5 мың түлек оқуын тәмамдап,  түрлі салада еңбек етіп жүр. Оның 25 пайызы еңбек жолын елді-мекендерде бастаған. Қазір бір жарым мың студент сырт елде білімін жалғастыруда.

 

Жанболат МЕЛДЕШОВ, "ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ" АҚ  БАСШЫСЫ:

Біздің Қазақстандық және шетелдік университеттермен бір бағдарламаны құрастырамыз. Шетелдік мұғалімдерді Қазақстандық  университеттерге шақырамыз,  біздің университеттерде  жұмыс істейтін болады. Және сол университеттердің түлекетрі мобильност бойынша шетелдік университеттерге барып 1-2жыл оқитын болады.