Есімов Татарстан республикасының президентімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

Есімов Татарстан республикасының президентімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов  Татарстан республикасының президенті Рустам Миннихановпен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Құжат Қазақстанға турист тартуға жетекші тур-операторлармен әріптестікке жол ашады. Сонымен қатар, инвестиция мен бизнес саласында бірқатар келісімдерге қол жеткізу көзделіп отыр. Ахметжан Есімовтің айтуынша, келушілерге арнайы мәдени ойын-сауық бағдарламалар әзірленген. Рустам Минниханов  өз кезегінде халықаралық көрменің жемісті өтетініне сенім білдірді. Естеріңізге салайық,   ЭКСПО-2017 көрмесі келесі жылдың 10-шы маусымы мен 10-шы қыркүйек аралығында өтеді.

 

Сурет: www.tatar-inform.ru