Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырғалы 7 трлн теңгенің өнімі шығарылды

Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырғалы 7 трлн теңгенің өнімі шығарылды

Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырғалы 7 трлн теңгенің өнімі шығарылды. Оның 1,3 трлн-ы биылғы жылдың үлесінде. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. 2015 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 100,2 пайызға жеткен. Биылғы жылдың 8 айындағы  көрсеткіш – 100,7 процент. 

 

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ:

Көліктік , энергетикалық және өнеркәсіптік инфрақұрылым үшін қажетті мәселелер толықтай шешілді. Өңдеу өнеркәсібінің жаңа 26 саласы пайда болды. Қазақстанда бұған дейін қолға алынбаған жолаушылар вагоны . жүк, жеңіл автокөліктер және автобустар , рентген аппаратуралар, титан құймалары және тағы 500-ден астам өнім түрі шығарыла бастады.

 

Индустрияландыру жобаларының 93 пайызын жеке бизнес қаржыландырған болатын.  Мемлекет тек 26 жобаға  қаражат бөліп отыр. Олардың жалпы құны – 277 млрд теңгені құраған.