8 айда 112 мың қазақстандық жұмыспен қамтылды

8 айда 112 мың қазақстандық жұмыспен қамтылды

Соңғы 8 айда 112 мыңға жуық қазақстандық жұмыспен қамтылды. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Оның айтуынша, жұмыспен қамту бағдарламасы өз жемісін беріп отыр.  Былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы көрсеткіш жоғары. Еңбекке жұмылғандардың 4 мыңы - мүгедектер. Әзірге Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі өзге өңірлермен салыстырғанда төмен. 

 

Тамара ДҮЙСЕНОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРІ:

Бүгінгі біздің жасап отырған жұмыспен қамту бағдарламасының ең негізгі мақсаты жұмыссыз азаматтарды, өзін өзі қаматамасыз ете алмаған азаматтарды жұмысқа тарту, оларға біздің инфраструктураларға бірінші бағыт бойынша жұмысқа тарту, екінші микрокредит алу немесе үшінші оқып және жұмысқа орналсу мәселесін қарастырып отырмыз.

 

 

 

Сурет: www.youtube.com