101 ел "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысатынын растады

101 ел

101 ел "Экспо-2017" көрмесіне қатысатынын растады. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар алаңында мамандандырылған көрменің комиссары Рәпіл Жошыбаев мәлімдеді. Оның хабарлауынша, бұл тізімде Украина 100-ші, ал Доминикана Республикасы 101-ші мемлекет болды. Бүгінгі таңда "Астана Экспо"  ұлттық компаниясы қатысушылармен 68 келісімге қол қойды. 87 мемлекет өзінің комиссарларын тағайындады. Сондай-ақ, 18 халықаралық ұйым да ауқымды шараға қатысатын болды. Естеріңізге салайық, "Экспо-2017" көрмесі 9 айдан кейін бастау алады. Ал 13-ші қыркүйек күні елге  Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес шараға дайындық барысын көру үшін келеді. 

 

Рәпіл ЖОШЫБАЕВ "ЭКСПО-2017" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ КОМИССАРЫ:

Соңғы 2 жыл ішінде біз халықаралық қатысушыларды "Экспо-2017" көрмесіне шақырумен айналыстық. Баламалы энергия көздері саласында келіссөздер жүргіздік. Енді алдағы уақытта  халықаралық комиссарлармен ұлттық секцияларды толтыру мәселесін қолға аламыз. Бұл ауқымды шараны жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін хаттамалық жұмыстар атқарамыз.

 

 

 

Сурет: www.youtube.com