Дағыстанда 6 содырдың көзі жойылды

Дағыстанда 6 содырдың көзі жойылды

Дағыстанда 6 содырдың көзі жойылды. Олардың  арасында былтыр маусым айынан бері федералды іздеуде жүрген  жергілікті лаңкестік топтың басшысы да бар. Бұл туралы Ресейдің Лаңкестікке қарсы Ұлттық комитетінің өкілдері мәлімдеді. Арнайы операция Махачкала мен Избербаш қаласында жүргізілген. Екі жақта та экстремистер қарсылық көрсетті. Бейбіт тұрғындар мен күштік құрылым тарапынан адам шығыны жоқ. Тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді. Алдын ала келтірілген мәлімет бойынша, көзі жойылған радикалдар осы жылдың тамызында Избербашта полицейлерге шабуыл жасаған.

 

 

 

Сурет: inforu.news