Шетелдік саяхатшыларды Семей полигон тарихы қызықтыруда

Шетелдік саяхатшыларды Семей полигон тарихы қызықтыруда

Кезінде әлемдегі ең ірі сынақ алаңдарының бірі болған Семей полигоны бүгінде біртіндеп табыс көзіне айнала бастады. Шетелдік саяхатшылар ядролық сынақтар өткен жерге келіп, нысанның тарихымен танысуға құмар. Олардың қатары, әсіресе, күз кезінде көбейеді. Ұлттық Ядролық Орталық бірнеше туристік фирмамен келісімге де келген. Қонақтарға көрсететін дүние жетерлік. Полигон тарихы жөніндегі мұражайдан бөлек жарылыстар кіндігіне де сапарлар ұйымдастырылады. «Ең бастысы -  қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау», дейді мамандар. Жақында осындай мақсатпен Англия және Австралия мемлекеттерінен арнайы топ та келіп кетті.

 

СЕРГЕЙ ЛУКАШЕНКО, ҚР ҰЯО «РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ» ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Бізге келген саяхатшылар ризашылықпен қайтады. Өйткені олар дүниежүзілік тарихтағы ірі полигондардың бірінде болғандарына тебіренеді. Бұл әсіресе шетелдіктердің көзінен анық байқалып тұрады.

 

Фото: www.fergananews.com