Ақтөбеде күл-қоқысты іріктейтін кешен салынады

Ақтөбеде күл-қоқысты іріктейтін кешен салынады

Ақтөбеде жыл сайын шығарылатын 450 тонна күл-қоқысты қайта өңдеп, іріктейтін кешен салынады. Пластик заттар кәсіпорындарға жіберілсе, қалдық арасынан табылған әйнек, металл, қағаз да кәдеге жаратылады. Жоба құны - 700 млн теңге. Кешен пайдалануға берілсе, 100 адам жұмыспен қамтылуы мүмкін.

 

АЛТЫНБЕК ҚАЗАНТАЕВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ

Полигонның  қызмет ету мерзімін екі есеге дейін ұзартамыз. Тұрмыстық қатты қалдықтарды осы жерде іріктейміз. Қажетті шикізат жетеді, яғни, қоқыс дегенің жыл сайын көбейіп жатыр. Болашақта тағам қалдықтарынан мал азығын дайындаймыз ба деген жоспар бар. 

 

Фото: stroyobzor.ua