«24KZ» арнасында ребрендинг жүргізілуде

«24KZ» арнасында ребрендинг жүргізілуде

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тәулік бойғы «24KZ»  арнасы «Хабар 24» деген жаңа атаумен шығады. Құрылғанынан бастап «Хабар» Агенттігінің құрамындағы «24KZ» арнасының атын ауыстыру – «Хабар» Агентттігі» АҚ қайта жаңару аясындағы шараларының бірі. 

 

Арна эфирінде сапалы сараптамалық бағдарламалардың қатары үлғайып, репортаж жанрындағы бағдарламалардың үлесі артады, сондай-ақ аймақтардың тыныс-тіршілігі туралы жобалар көбейеді. Жаңалықтардың жаршысы болып табылатын арнаның дәстүрлі айдарларының сапасы арта түспек, мәселен, экономика, спорт, халықаралық және баспасөзге шолу, арнайы авторлық репортаждар және көптеген басқа да салалар толығырақ қамтылады.

 

Сонымен қатар эфирдің көрінісі және рсеми сайттың интерфейсі де өзгереді деп күтілуде. Жаңарған сайт қолдануға қолайлы және жаңалықтарды іздеу барысында жеңіл болады.

 

   «Жаңа атау арнаның «Хабар» агенттігінің құрамында екендігін көрсетеді. Атын ауыстыру телеарнаның жаңаруына және ересек аудиторияны тартуға мүмкіндік береді. Бізді айтарлықтай оң өзгерістер күтіп тұр, бірақ бұл толықтай басқа жаққа өзгеріп кетеміз деген сөз емес. Біздің бұрынан келе жатқан басты ұстанымымыз - жаңалықтарды беру барысындағы жылдамдық пен шынайылық. Осы ұстанымда берік болып қаламыз», - дейді «Хабар 24» арнасының директоры Арман Сейтмамыт.

 

Арналарды бір атаумен атау әлемдік медиахолдингтер арасында кеңінен таралған.  Бұл бір телеотбасыға кіретіндіктерін білдіру үшін жасалады. Мысалы, ВВС корпорациясы, оның құрамына BBC One, BBC Two, BBC World News және басқалары бар, мұндай тәжірбие көрші Ресейде де қолданыста, мәселен ВГТРК-ның құрамындағы Россия 24, Россия 1, Россия К-ны атауға болады.

 

«24KZ» арнасы 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап эфирге шықты. Арна Қазақстандағы ақпараттық арналардың ішінде аймақтық және халықаралық тілшілер қосынының көптігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар бағдарламалары 100 пайыз отандық өндіріушілердің жобасы болып табылады. Олардың арасында ақпараттық-танымдық және сараптамалықтары бар. Телеарна аудиториясын 25 жастан асқан көрермендер құрайды. «Хабар» агенттігі «Хабар 24» арнасымен бірге «Euronews Network-тің» серіктесі болып табылады. Бұл жаңалықтар контентімен алмасуға және еуропалық әріптестермен шеберлік сыныбын өтуге мүмкіндік береді.