Шетелден қаржы алатын ұйымдар есеп береді

Шетелден қаржы алатын ұйымдар есеп береді

Шетелден қаржы алатын ұйымдар мен заңды тұлғалар мемлекеттік кіріс органдарына есеп беруге міндеттеледі. Салық Кодексіндегі түзету - қоғамдық пікірге зерттеу жүргізіп, ақпаратты жинап, талдау жасайтындарға қатысты болмақ. Заңға енгізілген түзетулер шетелден келетін қаржыны алу мен жарату тәртібінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Ал есеп беретін тұлғалар қандайда бір тіркеуден өтпейді. Бар болғаны қажетті ақпаратты салық төлеушінің электрондық кабинеті бойынша хат түрінде жолдай алады. Айта кетейік, Салық Кодексіндегі  өзгертулер қазаннан бастап күшіне енеді.

 

Мұратбек МУСИН, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Салықтық міндеттемелерді жүктемейді. Қаражат немесе мүліктер туралы бойынша салық органдарына заңды тұлға немесе ҚР азаматы мәлімдеме тапсыруы керек. Квартал аяқталғаннан кейін 15 күннен кейін белгілі тұрде мәліметтерді ұсынуы керек. 

 

Сурет: www.aktobegazeti.kz