«Қазақстанда жасалған» әскери жиынтықтар

«Қазақстанда жасалған» әскери жиынтықтар

Қазақстанның Қарулы Күштері жаңа полигондық қондырғылармен қамтамасыз етіліп жатыр. Әскерилерге арналған түрлі роталық тактикалық жиынтықтар бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында құрастырылуда. Киров атындағы зауыт қазіргі таңда Қорғаныс министрлігінің тапсырысын толықтай орындап отыр.

 

Киров атындағы зауыт - еліміздің Қорғаныс министрлігіне арналған түрлі полигондық жабдықтарды жасайтын бірден-бір отандық өндіруші. Бүгінде кәсіпорында құрлық әскерлеріне арналған арнайы роталық тактикалық жиынтықтардың бірнеше түрі құрастырылады. Қазақстанда жасалған өнімнің сапасы шетелдікінен артық түспесе, ешбір кем емес.

 

Алексей ПОРОТИКОВ, ЗАУЫТТЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫ БОЙЫНША БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 

Құрылғының ерекшелігі - бұл Қазақстанның климатына төзімді. Минус 40 градустан, 55 градус ыстықта, яғни кез-келген ауа райы жағдайында  мүлтіксіз жұмыс жасай береді. Сондықтан оған деген сұраныс артып отыр.

 

Бұл өнімді толығымен қазақстандық деуге болады. Өйткені қажетті материалдардың басым бөлігі өз елімізде шығарылады. Айта кету қажет, жаңа жабдық елімізде өтіп жатқан «Әскери ойындар - 2016» халықаралық сайысында сыналды. Байқауға шет мемлекеттерден келген қонақтар қазақстандық құрылғыға жоғары бағасын берді.

 

Сурет: asker.kz