Ұсақ жанармай бекеттері біріккен брендке айналады

Ұсақ жанармай бекеттері біріккен брендке айналады

Елімізде жанармай құятын ұсақ бекеттерді біріктіретін ірі жүйе пайда болады. Бір арнаға тоғысқан бекеттерге техникалық және қаржылық қолдау көрсетіледі. Осылайша бекеттердің кем-кетігі жөнделіп, резеруарлары жаңартылады. Бұл біріншіден тас жолдың бойындағы, ауыл-аймақтағы жанармай құю бекеттерінің қызмет көрсету сапасын жақсартса, екіншіден, сұйық отын тапшылығын жояды. Баспасөз мәслихатында мәселе көтерген кәсіпкерлердің айтуынша, аймақтағы бекеттерде бензиннің белгілі бір маркасын сақтауға сай келетін қойма жоқ. Сондықтан, кей жерлерде АИ - 92, АИ - 95, тіпті дизельді отын да сатылмайды. «Қазақстандық мұнай өңдеу зауыты» ұйымымен қазірдің өзінде үш жүзден астам жанармай бекетінің өкілдері келісім жасасып үлгерді. Көздеген мақсатқа жетсе, республикамыздағы ірі жанармай құю бекеттері жүйесімен шынайы бәсекеге түсе алады. Кәсіпкерлер тың жобаны 5 жылда жүзеге асырамыз деп отыр. Тартылатын инвестиция көлемі 50 млн доллар болмақ 

 

Дәулет ҚАЛИХАНОВ, «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Бүгінде электромобильдер халық арасында сұранысқа ие болып келеді. Сондықтан, Республикалық маңызы бар жолдардағы жанармай құю бекеттерінде аталмыш көлік түрлерін қуаттайтын блок ашамыз. Газ ба болады. Жалпы бұл жоба тек экономикалық мәселелерді ғана шешім қоймайды. Әлеуметтік жағы да бар. Жобаны жүзеге асыру кезінде жергілікті кәсіпкерлер тартылады. Жұмыс күші де сол жерден болады. 1200 жұмыс орны ашылады.