2017 жылы 2 қазақстандық жерсерік ұшырылады

2017 жылы 2 қазақстандық жерсерік ұшырылады

2017 жылы 2 бірдей отандық жерсерік ғарышқа жол тартады. Қазақстандық үлесі 37 пайызды құрайтын қондырғылардың борттық компьютері мен бағдарламалық қамтуы  - өз ғалымдарымыздың өнертабысы. Алғашқы «STSat» технологиялық жерсерігі ауылшаруашылығының дамуына ықпал жасайды дейді. Ол жерді қашықтықтан зондтауға бағыталған. 

 

Баубек ОРАЛМАҒАНБЕТОВ, «ҒАЛАМ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Екіншісі - ол ғылыми спутник. Оның салмағы - 3-5 кг. Ол орбитаға ұшырылады. Жер ионосферасын тексеріп, жер сілкіністері қашан болатынын болжау үшін жасалған. Спутниктер құрастырылды. Алғашқы сынақтан сәтті өтті. Қазір оны функционалдық тексерістен өткізіп жатырмыз.

 

Ал 2018 жылдан ғарыштық аппараттар өзімізде құрастырылып, сыналатын болады. Алдағы екі жылдың ішінде бұл мақсатта арнайы кешен салынады. Салмағы 100 кг-нан 6 тоннаға дейінгі құралдарға қажетті нақты механизмдер, электроника, кабельдер желісі, қосалқы бөлшектерге дейін құрастыру бюросынан шығатын болады. Мұнда 6 деңгейлі сынақ құрылғылары орнатылмақ. Бүгінде кешеннің негізгі құрылыс жұмыстары тәмамдалуға жақын.

 

Ербол НҮРСЕЙІТОВ, «ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САПАРЫ» ҰК АҚ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл ғарыштық аппараттар шығаратын ТМД елдері төңірегіндегі бірегей зауыт болады. Себебі кешенде ғарыштық кемелер мен жерсеріктерді құрастырып, оларды ғарышқа жөнелтуге дейінгі бар жұмыстар атқарылады. Осылайша, ғарыштық аппараттар құрылысындағы қазақстандық үлесті 55 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр.

 

2025 жылға дейін елорданың сол жағалауындағы 30 Га жерде ғарыш қалашығы бой түзейді. Бұл аумақта өндірістік нысандармен қатар қызметкерлерге арналған тұрғын-үй кешені мен әлеуметтік ғимараттар орын тебеді.


×