«Қазақстанда жасалған» өнім көрмесі

«Қазақстанда жасалған» өнім көрмесі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанда жасалған» деген атпен өтіп жатқан көрмеге келді. Мұнда қазақстандық кәсіпкерлердің қолынан шыққан дүниелер қойылған. Дәрі дәрмектен бастап жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік, үй шаруашылығына арналған арнайы жабдықтар тіпті ойыншыққа дейін дүйім жұрт назарына ұсынылған.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асқан жобалар нәтижесін беруде. Көрмеге тауарларын ұсынған 76  компания да осы бастаманың игілігін көріп отыр. Қазақстанда жалпы 3 мыңға жуық тауар шығарушы компания бар. Олардың әр қайсысы өнімін экспортқа шығуды көздейді. Сол себепті де көрмеге келгендердің ойы  біз санға емес сапаға жұмыс істейміз дегенге саяды. 

 

Ерлан МҰСАЕВ,  «ADAFOOD» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 

Біздің компания осындай кептірілген ет чипсысы өнімімен айналысады.Қазіргі кезде осындай өнімге сұраныс өте жоғары.Өйткені ол 100 пайыз табиғи өнім. Ешқандай краситель қосылмаған. Болашақта сұраныс жоғары болатын болса Қазақстанда шығарылған өнімді шетелге де шығаратын боламыз.

 

Наурызбек БАЙТЕМІРОВ,  ИНЖЕНЕР-ТЕХНОЛОГ:

 

Бүгінгі таңда қазір  қазақстанда ойыншық шығаратын зауыт жоқ. Тек біз біреуміз. Қазір сапасы өте жақсы. Балаларға зияны жоқ. Келешекте тағы мен ойлаймын одан үлкен шығарсам деймін. Біз осы Қазақстанда жасалған брендті күллі әлемге паш етіп аянбай жұмыс істеу керек.

 

Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанда темір тұлпардың 88 түрі шығарылатын болады десе ешкім сенбес еді. Алайда индустрияландыру бағдарламасының алғашқы бес жылдығының өзінде 132 мың көліктің шығуы көңіл көншітерлік көрсеткіш. Тіпті отандық автомобильдердің басым бөлігі экспортқа жөнелтілуде. Автобизнес қауымдастығының төрағасы аталмыш өнеркәсіпті дамыту жолындағы жоспарларымен бөлісті, атқарылған істерді пысықтады.

 

Андрей ЛАВРЕНТЬЕВ,  ҚАЗАҚСТАН АВТОБИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 

Биыл біздің автокөліктердің 4  түрі экспортқа шығатын болады. Ол Хюндай жүк көліктері мен автобустары.Сондай-ақ алдағы уақытта Пижо көліктерінде жан-жақты саудаламақпыз. Қазақстандық автонарықты дамыту үшін басты екі нәрсеге басымдық беруіміз керек. Бірінші бізге көліктерге қажетті қосалқы бөлшектердің 50 пайызын өзімізге шығару керек. Екіншіден бізге Қазақстандық автомобильдерді  мейлінше экспортқа шығару қажет.

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  кәсіпкерлерге тек Қазақстандық бренд қалыптастыру мен шектеліп қана қоймай, мемлекет тарапынан беріліп отырған мүмкіндіктерді мейлінше пайдалануды шақырды. Себебі  дамыған елдердің дені шағын және орта бизнесті дамытуға мүдделі.

 

Сурет: www.damu.kz