Елімізде жаңа 8 кәсіпорынның тұсауы кесілді

Елімізде жаңа 8 кәсіпорынның тұсауы кесілді

Бүгін елімізде жаңа 8 кәсіпорынның тұсауы кесілді. Жаңа нысандар Елбасының қатысуымен өткен индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына арналған телекөпірде ашылды. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Индустрияландыру картасы аясында құны 175 млрд. теңге болатын 30 жоба іске қосылады. Нәтижесінде 4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады.

 

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ:

 

Индустрияландыру бағдарламасының екінші бес жылдығының негізгі міндеті-индустрия базасын құруды аяқтау. Бұл дегеніміз, фосфор мен металлдардың өзін сатып қана қоймай, одан өнім жасап шығару. Бұл міндеттерді іске асырудың нәтижесінде 2020 жылы тауар өндіру көлемі 22, экспорт 19 пайызға артуы тиіс.  Ол үшін өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына 4,5 трлн теңге инвестиция қажет. Біз бюджет қаражатының 1теңгесіне - 4 теңге жеке инвестиция келеді деп жоспарлап отырмыз. Сіздің тапсырмаңыз бойынша, еңбек өнімділігі мен экспортқа бағытталған 8 салаға басымдық беріп отырмыз. Экспортқа өнім шығаратын  барлық кәсіпорындарға теңдессіз қолдау көрсетіледі.

 

Енді Павлодар облысында теміржол  білігін өндіріп, қос дөңгелек шығаратын зауыт, голландттық раушандар өсіретін жылыжай бар. Экологиялық қағаздар шығаратын зауыт, Жамбыл облысындағы Мойынқұм цемент өндірісі де бүгін Мемлекет басшысының қолдауымен өз жұмысын бастады. Ішкі нарық сұранысының 90 пайызын өтейтін «Ақтау теңіз порты» құбыр кесу өндірісін қолға алды. Петропавлда трактор, Кентауда трансформатор зауыты іске қосылды. Экспортқа бағытталған май өнімдерін өндіретін өндіріс Алматыда ашылды.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Менің бұрынғыдан айтып келе жатқаным, шағын және орта бизнесті дамытуымыз қажет. Үлкен өндіріс өз алдына қазіргі жағдайда, мынадай дағдарыс жағдайында шағын орта бизнес мекемелері тез арада басқа продукцияға көшулері керек.

 

Елімізде жұмыс істейтін орта және шағын кәсіпкерліктің саны 1 миллион 300 мыңға артты. Онда 3 миллион 200 мыңнан астам адам еңбек етеді. Елбасы әсіресе ауылдық жерлердегілерге шағын несие беру керектігін тілге тиек етті. Индустриаландыру бағдарламасы аясында ашылатын бәсекеге қабілетті болуы керектігін айтты.

 

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстан Республикасының Президенті:

 

Биылғы жылы 120 өндіріс іске қосылатын болады. Тиісті адамдар өздерінің жақсы тұрақты жұмысын алатын болады. Жалақысы жоғары болады. Бұл өте сол семьяларға азамттарға қуанышты сәт деп ойлаймын. Әрине әлемде қазір қандай сынақтар күтіп тұрғанын болжау мүмкін емес. Жағдайдың құбылып тұрғанын біліп отырсыздар. Дегенмен біз кез-келген тосын жағдайға алдын-ала шара қолдану үшін жұмыс істеген елміз. Сондықтан былтыр 5 институционалдық реформа бағыты бойынша 100 нақты қадамды орындауды алға қойдық.

 

Бүгінде индустрияландыру картасы аясында ашылған өндірістердің экспорттағы үлесі 14 пайызды құрап, тауар түрлері 824-ке дейін өскен. Елімізде 500 өндіріс орны ашылып, 200 мың жұмыс орны құрылды. Ал, Қазақстанда жасалған тауарлардың сыртқа шығуын қамтамасыз ету үшін шаралар кешенін әзірлеу үкімет пен жауапты органдарға тапсырылды.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Жыл сайын 21 мың жас түлек мектеп бітіре салысымен мамандық алмастан,  жұмыс істейді. Осы жайттар ескеріліп, келер жылдан бастап тегін кәсіптік білім беріледі. Сондай-ақ, алдағы 15 жылда 1жарым млн отбасын баспанамен қамту қажет. Президент, Үкімет пен Ұлттық банкке 1 қыркүйекке дейін осы міндеттерді іске асыру тетігін қарастыруды тапсырды. Қаражатты тиімді бөлу керектігін қадап айтты. 

 

Сурет: egemen.kz