2020 жылға дейін Қазақстанға ТМД елдерінен 500 стартап тартылады

2020 жылға дейін Қазақстанға ТМД елдерінен 500 стартап тартылады

ТМД елдерінің ең үздік стартап-жобалары Қазақстанға тартылатын болды. Сол арқылы эспорттық әлеуеті жоғары технологиялық компаниялар құрып, Еуразиялық Экономикалық Одақ пен Азия нарығына шығуға болады. Бүгін "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының өкілдері осылай деді. "Стартап Қазақстан" деп аталатын халықаралық бағдарламаның мазмұны зор. «Tech Garden Summer FEST»  технологиялық фестиваліне Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қатысты. Ұйымдастырушылар бұған дейін Минск пен Новосибирскіде, Мәскеу мен Санкт-Петербургте және Шымкентте болған. Сол қалаларда ғалымдар мен жастардан шағын және орта бизнес өкілдерінен 600-ден астам өтінім түскен. Инновациялық жобалар негізінен металлургиялық кешен, энергетика, қаржылық технология және ақылды орта сынды бағыттарға бағытталып отыр. Тамыз айына дейінгі іріктеу аясында мамандар Алматы, Атырау, Одесса мен Киевке ат басын бұрмақ ниетте.  Негізінен "Стартап Қазақстан" халықаралық жобасы 4 жылға жоспарланған. Осы аралықта ұзынсаны 500 стартап тартылмақ.

 

Санжар КЕТТЕБЕКОВ, "ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАРКІ" ДКҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Қаржыландыруы 100 мың долларға жететіндердің шамамен 100  -ге жуығы екінші деңгейге өтеді.  Оның 50 пайызы шетелдік қорлардан қаржыланатын болады.  Аталмыш стартаптардың негізгі мақсаты барлық осы бастамаларды Қазақстанға енгізу болып табылады.

 

 

 

Сурет: couponhaat.in