Ташкентте ШЫҰ саммиті өтеді

Ташкентте ШЫҰ саммиті өтеді

ШЫҰ-ның керегесі кеңеймек. Үндістан мен Пәкістан толыққанды мүшесі болуы мүмкін. Бұған дейін байқаушы болып келген қос мемлекет бірлестікпен бірге дамуға былтыр бел буған еді. Бұл мәселе бір жыл көлемінде қаралып, жан-жақты сараптаудан өтті. Ташкентте өтетін ұйымның мерейтойлық отырысында шешім қабылданады деп жоспарлануда. Алтылықтың көшбасшылары өңірлік қауіпсіздік, терроризм және Орталық Азиядағы есірткі трафиктерімен күрес, сондай-ақ, интеграция мәселелерін сараламақ. 15 жылдық жұмысты қорытындылап, бірлестіктің алдағы бағдарын айқындайтын Ташкент деклорациясы қабылданады деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, ШЫҰ-на Иран, Әзербайжан, Армения мен Непал да қызығушылық танытуда.

 

Әлішер САБИРОВ, САРАПШЫ:

 

Егер Үндістан мен Пәкістан ШЫҰ-на толыққанды мүше болса, онда бұл бірлестіктің беделі арта түседі. Себебі, екі мемлекет те Азия өңірінде маңызды рөл атқарады. Халық саны да көп. Сондықтан өңірлік тұрақтылық пен бейбітшілікке қосар үлесі салмақты. Есесіне, осы екі мемлекеттің арасындағы түсініспеушіліктердің тігісін жатқызуға түрткі болмақ. Алып елдер мен шағын мемлекеттер тең дәрежеде дами алады деген сөз. Сондықтан ұйымның керегесі кеңейіп жатса бұл өңірдің қауіпсіздігі арта түседі деп есептеймін. 

 

Сурет: today.kz