Шетелде тұратын қазақ диаспорасының балалары тіл білуден сайысады

Шетелде тұратын қазақ диаспорасының балалары тіл білуден сайысады

Алматыда «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты халықаралық олимпиада салтанатты түрде ашылды. Білім сайысында шетелде тұратын қазақ диаспорасының балалары қазақ тілі мен әдебиетінен білімдерін сарапқа салады. Биыл 13-рет өтіп отырған байқауға Түркия, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейдің Омбы өлкесінен келген оқушылар қатысуда. Жазбаша және ауызша кезеңдерден тұратын білім бәйгесі шетелдегі  қазақтардың балаларының ана тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, мәдениеті мен өнері бойынша білімдерін арттыруға бағытталған. 

 

Мәмет СҮЛЕЙМЕН, АҚЫН, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 

Шетелдегі қандастардың баласын ата жұртына тартудың бір үлкен көрінісі. Бұл ұлттық демографиямызға қосылатын үлкен үлес. Мысалы, сол өткен 12 жылдың ішінде келген қазақстанда оқыған жүздеген бала қазір осы қазақстанда қалып тәуелсіз елімізге еңбек етіп жатыр.

 

Сабина ШАИСЛАМОВА, (ӨЗБЕКСТАН):

 

Өзбекстанда қазақ тілі 1 сыныптан 9 сыныпқа дейін өтіледі. Бірақ тоғызды бітіргеннен кейін бізде міндетті түрде колледж өзбекшеге айналып кетеді. Соның артында біздің тіліміз шұбарланып, өзіміз қалағандай қазақ тілінде білім ала алмаймыз, жалғастыра алмаймыз. Ал бұл олипиадаға қатысып біз көп мүмкіндігіміз, грантқа оқуға түсіп кетуіміз мүмкін атамекенімізге.

 

Сурет: new.inform.k