Туристік нысандар көбеюде

Туристік нысандар көбеюде

Жер жәннаты – Жетісуда туризм саласы дамып келеді. Өңір табиғатының сұлулығын тамашалап, жаз айларында Балқаш пен Алакөлді, Қапшағай су қоймасы мен демалыс аймақтарын жағалайтын жандардың қатары жыл сайын 20 пайызға артуда. Бұл туралы Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Алшымбаева журналистермен өткен брифингте айтты. Аймақта жазғы туризмді ұйымдастыру үшін қажетті инфрақұрылымдар жасалуда. Қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс аймақтары мен аңшылық үйлері сияқты нысандар бар. Былтыр 26 туризм нысаны қолданысқа берілді. Алакөл өңіріндегі бірқатар жол телімдері бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды. Облыс орталығын Алматы және Астана қалаларымен байланыстыратын әуе қатынасы ашылды. Ал Үшарал қаласында әуежай құрылысы салынуда. Бұл туризмнің дамуына серпін береді,-дейді мамандар. «ЭКСПО-2017» көрмесіне келетін шетелдік қонақтар үшін қазірден бастап 18 туристік бағыт әзірленуде. Бұлар 5 ұлттық-табиғи парктің аумағын қамтиды.

 

Жанар АЛШЫМБАЕВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 

Осыдан 5 жыл бұрын біздің облыс аумағында 200-250 шамамен туристік нысан болса, қазір 600-ге жуық туристік нысан ашылды. Жыл сайын олардың саны көбейіп жатыр. Яғни, қазіргі таңда кәсіпкерлер, жалпы бизнес саласы осы туристік саланың тиімділігін көріп, өз инвестицияларын салуда.  

 

Сурет: ingeo.kz