Атом энергетикасы саласында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы нығайды

Атом энергетикасы саласында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы нығайды

"Атомэкспо" форумы аясында Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы  "Русатом — Международная Сеть"  компаниясымен өзара түсіністік және ынтамақтастық меморандумына қол қойды. Келісім атом энергетика саласында ақпарат алмасуға, мамандардың білікілігін арттырып, ортақ жобаларды іске асыруға мұрындық болмақ. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресей Қазақстандық эксперименталды ядролық базада төртінші реактор буынына қажетті отын саласында бірге қызмет етеді.   Екі ел арасындағы ынтымақтастық бейбіт атомды пайдалану шеңберінде жүзеге асуда.

 

Ерлан БАТЫРБЕКОВ - ҚР ҰЛТТЫҚ ЯДРОЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 

Біз француздарға қажетті жапондық ұшқыр реакторлар отынын сынақтан өткіземіз, қазіргі уақытта америкалық отын өндірушілер біздің көмегімізге жүгінді.  Ал, Ресей  - көп жылдар бойғы серіктесіміз. Біз атқаратын жұмыстар Елбасымыздың "әлем.21 ғасыр" манифесінде айтылғандай бейбітшіілк мақсатқа негізделген. Өйткені ғылым екі қолданысқа бағытталмауы тиіс.

 

Александр МЕРТЕН, «РМС» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Бұл құжат арқылы Қазақстан ядролық энергетикаға жауапкершілікпен қарап, оны таратпау және халықаралық құқық талаптарына сай әрекет ететінін тағы бір рет дәлелдеді. Екі ел қол қойған меморандумда Қазақстан мен Ресей оны таратпау жөнінде келісімге келген. Сондықтан біз барлық халықаралық заң талаптарын сақтаймыз.

 

Фото: www.inform.kz