Елбасы Астана Экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысты

Елбасы Астана Экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысты

Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып, жасыл экономиканы дамытудың жол картасын жасау қажет. Астана экономикалық форумын қортындылауға арналған пленарлық отырысқа қатысқан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Мұнымен қоса, президент БҰҰ аясында адами капиталды дамыту қорын жасақтау қажеттігін сөз етті. Аталған қордың негізгі мақсаты – әл-ауқаты төмен елдердегі білім мен денсаулық сақтау саласының сапасын  арттыру. "ЮНЕСКО деректерiне сүйенсек, кедей елдерде жалпы базалық бiлiмдi қамтамасыз етуге жылына 50 млрд доллар қажет екен. Бұл проблеманы тек халықаралық қауымдастықтың бiрлескен күш-әрекетiнiң арқасында ғана шешуге болады», - деді Президент.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазақстан экономикалық және  әлеуметтік  даму туралы  өңірдегі және тұтас әлемдегі әл-ауқатын қамтамасыз ету жайлы сындарлы идеялар, көзқарастарды талқылауға әрқашан дайын. Биыл біз іргелі тақырып экономикалық нақты ахуалды талқылайтын боламыз. Жаңа нақты ахуалдың қандай болары, бізге және біздің қазіргі таңда жасайтын таңдауларымыз бен әрекеттерімізге байланысты. Осы форумның аясында бұл  күндері мен көп дүниежүзінің ғалымдарымен, саясаткерлерімен, экономистерімен кездестім. Қазақстандағы болып жатқан жағдайды,  біздің ұстанымды шараларымызды қалай бағалайтынын, қандай бізге кеңес беретінімен көңіл бөлістік.

 

 

 

Сурет: akorda.kz