Елбасы Астана экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады

Елбасы Астана экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады

Бүгін - Астана экономикалық форумының екінші жұмыс күні. Бағдарлама бойынша Жекешелендіру форумы, Талдау орталықтарының аймақтық саммиті, экономика және даму тақырыптарында бірнеше басқосу жоспарланған. Түстен кейін форумның пленарлық отырысы өтеді. Оған елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйлейді деп күтілуде. Әлем елдерінен келген танымал сарапшылар, Нобель сыйлығының лауреаттары, қаржы институттарының, ірі компаниялардың басшылары және өкілдері кешеден бері экономика мен даму саласындағы түйткілді мәселелер бойынша пікір алмасуда. Астана экономикалық форумы шеңберінде қол қойылған келісімшарттар да бар. Мысалы, еліміздің инновациялық  технологиялар паркі мен Маккинзи компаниясы меморандумға қол қойды. Келісімге сәйкес, келер жылы елімізде жаңа технологиялар орталығы ашылатын болады. Онда машина жасау және тау-кен металургиясы саласына қажетті 3 D технологиясы қолданылатын материалдар шығарылмақ. Жаңа өнім 5 жылдан кейін нарыққа шығарылмақ.

 

Юкка МАКСИМАЙНЕН, "MCKINSEY&CO" ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БӨЛІМШЕСІНІҢ  БАСШЫСЫ:

Жаңа технологиялар орталығы -  инновациялар технологиялар паркімен бірлесе жасаған  алғашқы жобамыз. Серіктестік аясын кеңейтуді көздейміз. Ең алдымен Қазақстандық компаниялардың ішкі және сыртқы  нарықтағы бәсекелестігін арттыруға өз үлесімізді қоссақ  дейміз.

 

 

 

Сурет: 7kun.kz