Ауыл шаруашылығы министрі Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

Ауыл шаруашылығы министрі Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

Ауыл шаруашылығы министрі Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. Асқар Мырзахметов танаптардың ылғалдылығын тексеріп, көктемгі егіс науқанының қалай жүріп жатқанын бақылады. Биыл Қостанай облысының шаруалары 4,7 млн гектар алқапқа тұқым сеппек. Соның 3,7 млн-ы ел ырысы - бидайдың үлесіне тиесілі. Егіншілер қазірдің өзінде алқаптың 66 пайызына дән сеуіп үлгірген. Ашық аспан астында өткен жиында жерге қатысты мәселе де ұмыт қалған жоқ. Шаруалар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алып, ұсыныс-тілектерін жеткізді.

 

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

Көбін алаңдатып отырған нәрсе - гектарға бүгінгі таңда беріліп отырған субсиядияның мақсатын ауыстыру, ережесін ауыстыруға байланысты. Сол туралы алаңдаушылық көп. Ол жағынан біз айтып отырмыз, бұл мәселеге біз ақылдасып, пайымдап бәрін ескеріп барып шешімдер қабылдаймыз. Ал кезінде қабылданған шешім - ол саяси шешім. Соны іске асыру үшін заңнамалардың бәрін өзгерту керек. Бүгінгі таңда заңнаманы өзгерту жұмыстары жүріп жатыр.

 

 

 

Сурет: tengrinews.kz