Астана экономикалық форумында «Бір белдеу - бір жол» жобасы талқыланды

Астана экономикалық форумында «Бір белдеу - бір жол» жобасы талқыланды

«Бір белдеу - бір жол» жобасы 21-ші ғасырдағы ең ірі жобалардың біріне айналады. Астана экономикалық форумы аясындағы Ұлы Жібек жолы елдерінің форумында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осылай деп мәлімдеді. Ауқымды жоба Жер шары халқының төрттен үшін  біріктіріп, 60 елді байланысытырады. Қайта жандандырылған көне бағыт  құрлықтарды бір арнаға тоғыстыратын дамудың жаңа даңғылындағы көпір іспетті дейді, үкімет басшысы.

 

Кәрім МӘСІМОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Ұлы Жібек жолы алыс-беріспен қатар, Еуразиядағы бейбітшілік пен сұхбаттастықтың нығаюына ықпал етеді. Ол трансшекаралық әріптестікке, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастыққа септігін  тигізетін байланыстарды үйлестірудің жаңа жүйесін құрады. Демек, біздің елдерімізді әртараптандыра түседі.

 

Үш құрлықты сабақтастыратын бастама бірінші кезекте бойындағы мемлекеттердің инфроқұрылымын жаңғыртады.  Бұл - энергетика, көлік логистикасы мен телекомуникация.  Осы орайда Қазақстан аумағымен өтетін «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» тас жолының маңызы айрықша болмақ. Сарапшылардың  пайымдауынша, 2020 жылы қос құрлық арасындағы барлық сауда-саттықтың 8 пайызы осы транзиттік дәлізбен жүзеге асырылады.  Жүк тасымалы 45-тен 10 тәулікке дейін қысқармақ. Тауар айналымы 50 мың АҚШ долларына жетеді.

 

Тимур ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазақстан биыл бұл тас жолдың құрылысын аяқтап, қолданысқа тапсырады. Халықаралық жоба аясындағы «Бейнеу-Шымкент» газ магистралінің де  транзиттік әлеуеті зор. Құбыр арқылы Ресей және отандық көгілдір отын Қытай нарығына шығады. Біздегі темір жол дәлізі де халықаралық жүктерді тасымалдауға әзір. Соңғы жылдары елімізде 2 мың шақырым шойын жол жаңадан төселді.

 

Ко ПО КУН, СИНГАПУР РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САУДА ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯ МИНИСТРІ:

Қазақстан «Бір белдеу - бір жол» жобасын жүзеге асыруда басты ойыншылардың бірі саналады. Өйткені, Ресей мен Қытай сынды ірі нарықтардың ортасындағы жылдам дамушы мемлекет. Бұл - жалпы әлем үшін сауда кедергілерін жоятын стратегиялық маңыздағы жол.