Іле Алатауы ұлттық паркі ЮНЕСКО резерваттарының қатарына енбек

Іле Алатауы ұлттық паркі ЮНЕСКО резерваттарының қатарына енбек

Биыл Іле Алатауы ұлттық қорығының құрылғанына 20 жыл. Алматыдағы халықаралық жиында табиғи паркті ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік резерваттары қатарына қосу туралы айтылды. Іле Алатауы ұлттық резерватының аумағы - 2 жүз мың гектар. Мұнда өсімдіктің 1300-ден астам түрі өседі және жануарлардың 300-ге жуық түрі бар. Парк мақтанышы - қар барысы төрт мың метр биіктікте тіршілік етеді.

 

Марлен АЙНАБЕКОВ, «ІЛЕ АЛАТАУЫ» ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бүгінгі күнге біздің тауымызда 42 бас барыс деп есептеп отырмыз. Биыл тағы да БҰҰДБ арқылы барыспен жұмыс істеліп жатыр. Санын алып , биыл ғылыми зернттеу жұмыстарын тағы да бастап жатырмыз.

 

Алатау баурайы алманың отаны саналады. Бүгінде жабайы алманың көлемі 80 пайызға азайған. Осы олқылықтың орны толтыру үшін ұлттық парк ғалымдары Алматы селекциялық орталықпен бірлескен жобаны бастаған.

 

Раиса ТӨРЕХАНОВА, «ІЛЕ АЛАТАУЫ» ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ  АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Жабайы сиверс алмасының табиғи таралуы бәсең. Сондықтан біз алдымен көшеттерді өсіруді қолға аламыз. Ол үшін Түрген тауындағы, Белшабдар  шатқалында  2 гектар жерді дайындап қойдық.

 

Қазақстанның әсем табиғатын тамашалауға бүгінде туристер көптеп келе бастаған. Мәселен, Іле-Алатауы ұлттық паркіне өткен жылы 200 мыңға жуық адам саяхаттапты.

 

 

 

Сурет: liter.kz