«Исаакий соборы» мемлекеттік ескерткіш–музейі Астанада көрме өткізеді

«Исаакий соборы» мемлекеттік ескерткіш–музейі Астанада көрме өткізеді

Ресейдің «Исаакий соборы» мемлекеттік ескерткіш-музейі елордада көрме өткізбек. ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова осы мұражайдың  директоры, РФ халық әртісі Николай Буровпен кездесіп,  екі елдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын жоғары бағалады. Және мәдени мұраны кеңінен насихаттау жайын сөз етті. Осыдан екі жыл бұрын ҚР Тұңғыш Президетінің мұражайы мен «Исаакий соборы» ескерткіш–музейі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Соның негізінде өткен жылы Санкт-Петербург қаласында «Қазақстандық жол» атты көшпелі көрме ұйымдастырылса, биыл қазақстан халқы «Исаакий соборы» мұражайының эспонаттарын тамашалай алады.

 

Николай БУРОВ, «ИСААКИЙ СОБОРЫ» МЕМЛЕКЕТТІК ЕСКЕРТКІШ-МУЗЕЙІНІҢ  ДИРЕКТОРЫ:

Мен Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығайғанын қалаймын. Астанададағы мұражайда қандай құндылықтардың бар екендігінен біз хабардар болуымыз керек. Және өзіміз де құр қол келмедік. Жерлігікті халық назарына «Періштенің көзімен» және «Жаңа көзқарас» атты сурет көрмелерін ұсынбақпыз.

 

 

 

Сурет: hotel-history.ru