"Сотбис" аукцион үйі Женевада өте сирек кездесетін қызғылт гауһарды таныстырды

"Сотбис" аукцион үйі Женевада өте сирек кездесетін қызғылт гауһарды таныстырды. Пішіні алмұртқа ұқсайтын асыл тастың салмағы 15 караттан асады.Ұйымдастырушылар 17 мамырдағы аукционда гауһартастың саудасын 38-ден бастап 48 миллион долларға сатамыз деп отыр. Былтыр қарашада "Кристис" аукцион үйі осыған ұқсас қызғылт гауһарды 28 жарым миллион долларға сатқан еді. Сарапшылар бұл жолғы бағалы зат мөлдірлігі мен тартымдылығы жағынан әлдеқайда әдемі деп санайды.

 

Дэвид БЕННЕТ, SOTHEBY'S АУКЦИОН ҮЙІНІҢ БАСШЫСЫ:

Америкалық Геммология институты бұл гауҺарды "қиял-ғажайыпқа бергісіз қызғылт" тас деп атады. Көлемі 15 бүтін жүзден 38. Мұндай тас нарықта бұрын-соңды болып көрмеген.

 

 

 

Сурет: www.brilliantearth.com