Панфиловшылар құрамында шайқасқан қазақ жауынгерлеріне ескерткіш қойылды

Панфиловшылар құрамында шайқасқан қазақ жауынгерлеріне ескерткіш қойылды

Волоколамск қаласында Панфиловшылар құрамында шайқасқан қазақ жауынгерлеріне ескерткіш қойылды. Кезінде генерал-майор Иван Панфиловтың сарбаздары Волоколамскіге беттеген фашистердің жолын кескен. Бұл Ұлы жеңіске жетудегі маңызды оқиға болған.  Волоколамсктегі бауырластар зиратында 8 мыңдай жауынгер жатыр. Арасында қазіргі Алматы мен Бішкек маңында жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында соғысқан қазақстандықтар да бар.

 

Эльмира ХАЙМУРЗИНА, МӘСКЕУ ОБЛЫСЫ ҮКІМЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мәскеу түбінде мыңдаған қазақстандық жауынгер жатыр. Отанды қорғау жолында жанын құрбан еткендерге бүгінгі ұрпақ құрметпен қарағаны дұрыс.

 

Александр ШИТОВ, «МАЙДАН ЖОЛЫ» ІЗДЕСТІРУ ЖАСАҒЫНЫҢ КОМАНДИРІ:

Біз көптеген өңірлерде іздестіру жұмыстарын жүргіземіз. Мысалы, Псков, Ленинград облыстары. 314, 312 атқыштар дивизиялары Ленинградты қорғаған. 314 ші дивизия құрамында 4 мың павлодарлық болған. 106 - қазақ ұлттық дивизиясы шайқасқан Украинада да болдық.

 

Қазір тарихи маңызды шайқас болған жерде қазақстандықтар іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Қазірдің өзінде қарудың бөлшектері мен гильзалар, Мосин винтовкасы мен жауынгердің дулығасын тапқан. 

 

 

 

Сурет: blogs.altapress.ru