Семейде электр бағаналары шығарыла бастады

Семейде электр бағаналары шығарыла бастады

Семейде темір-бетон зауытының жанынан электр бағаналарын шығаратын жаңа желі іске қосылды. 4 жыл бұрын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ашылған темір-бетон зауыты күннен күнге қарқын алып келеді.

 

Жомарт ТӨЛЕУҒАЛИҰЛЫ, ОПЕРАТОР:

Семейдің өзінде үйлер салынуда. Балабақшалар ашылуда. Міне, қазір Бобровкада мектеп салынып жатыр. Соның бәріне материалдың бәрін уақытында дайындап бере аламыз. Мұнда жұмыстың жағдайы жақсы, тамағымыз тегін, уақытында еңбекақы төлейді.

 

16 жарым метрлік электр бағаналарын шығаратын жаңа желі мынау. Мұндай өнім Қазақстанда тек Талдықорған қаласында ғана шығарылып келген еді. Семейлік бағаналардың сапасы жоғары әрі нарықтағы бағадан 20 пайызға арзан. Өйткені энергия үнемдегіш тәсіл қолдандық дейді зауыттағылар.

 

Қанат БОТАБЕКОВ, БАС ТЕХНОЛОГ:

Дәстүрлі пармен жасалатын бұрынғы жабыныш тақтайшалардың орнына біз қазір жылумен пайдаланамыз. Бұл жерде жылу және электр энергиясы үнемделеді, 80 пайызға.

 

Зауытта іргетас блоктары, кәріз сақиналары, плиталар сияқты 300-ден астам темір бетон бұйымы шығарылады. Олардың барлығы «Қолжетімді баспана» «Нұрлы жол» сияқты мемлекеттік бағдарламалар аясындағы құрылыс жұмыстарына жөнелтілуде.

 

 

 

Сурет: www.bnzs.ru