Қазақстан мен ЕО кеңейтілген әріптестік туралы келісім жасаспақ

Қазақстан мен ЕО кеңейтілген әріптестік туралы келісім жасаспақ

Бұл жөнінде, осыған дейін Брюссельде Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесуінен соң Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеген болатын. Құжатқа өткен жылдың желтоқсанында қол қойылып, тараптар келісімді ЕуроОдаққа мүше 28 елдің ұлттық парламенттері бекіткенге дейін уақытша қолдануға уағдаласты. Келісім өзара іс-әрекеттің көкжиегін кеңейтіп, бірқатар салаларда екі жаққа да пайдалы ынтымақ орнатып, жаңа мүмкіндіктер ашпақ. Бұл тұрғыда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екендігі де ескерілген. Айта кетейік, Қазақстан әзірге ЕуроОдақпен екінші буында келісім жасасқан ТМД бойынша алғашқы және жалғыз ел. 

 

Ивета ГРИГУЛЕ, ЕУРОПАРЛАМЕНТТІҢ ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӨНІНДЕГІ ДЕЛЕГАЦИЯ БАСШЫСЫ:

 

Бұл - ЕуроОдақ тарапынан да, Қазақстан тарапынан да бизнес үшін қолайлы жағдайлар туғызбақ. Виза үдерісі бойынша да оңды өзгерістер болады, себебі біз Қазақстанның мигранттар ЕуроОдаққа өтетін мемлекет емес екенін білеміз. Бұл экономикасы тұрақтанған, өркенді ел. Қазақстан халқының және еуропалықтар мен ондағы кәсіпкерлердің өмірін жеңілдететін нақты қадам жасалды.

 

Сурет: kaz.caravan.kz