Мектептер рейтингі ҰБТ бойынша түзілмейді

Мектептер рейтингі ҰБТ бойынша түзілмейді

Жаңа оқу жылынан бастап мектептер рейтингі Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша түзілмейтін болады. Бұл туралы халыққа есеп берген сала басшысы Ерлан Сағадиев хабарлады. Министрдің айтуынша, 2019 жылдан бастап химия, биология, физика және информатика пәндері жоғарғы сыныптарда тек ағылшын тілінде оқытылатын болады. Ал, үш тілді оқыту тәртібі білім беру жүйесіне биылдан бастап енгізіледі.

 

Ерлан САҒАДИЕВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

 

Барша мектеп директорлары,  Облыстық білім басқармасындағыларға айтарым. ҰБТ көрсеткіші бұрынғыдай маңызды рөл атқармайды. Сондықтан да мектеп оқытушыларына қысым көрсеткенді қойындар. Оқушылар жаңа  жүйені толығымен игеріп, болашақта академиялық білім алуға ынталануы керек.

 

Биыл елімізде жаңа 34 мектеп ашылады

 

Биыл ел аумағында 34 жаңа білім ошағы ашылады. Ал ұстаздардың жұмысы ақпараттық технологияға көшіріледі. Мектептерді оқушылар санына қарай қаржыландыру мәселесі да қаралып жатыр. Яғни білім ошағы неғұрлым көп оқушы жинайтын болса, оның бюджеті де соғұрлым үлкен болады.

 

Сурет: news.ivest.kz