Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесі құрылады

Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесі құрылады

Қазақстан мен Ресей сарапшыларының байланысы тереңдейді. Тиісті мәселе Мәскеуде талқыланып, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен «Валдай» қоры арасында ынтымақтастықты арттыру туралы келісімге қол қойылды. Енді екі елдегі жетекші сарапшылардың басын біріктірген қос мекеме іс-шараларды өткізуде ортақтасып, зерттеу жобаларын бірлесе жүргізеді. Сондай-ақ Қазақстан-Ресей сарапшылық кеңесін құру туралы да келісім жасалды. Оның жұмысына қос мемлекеттің жетекші сарапшылары жұмылдырылады. Кеңесте екі елдің әріптестігін тиімді ету бағытындағы мәселелер қаралады.

 

Андрей БЫСТРИЦКИЙ, «ВАЛДАЙ» ҚОРЫ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 

Қазақстан мен Ресей стратегиялық әріптестер және екі ел арасындағы тиімді байланыс саясатта, экономикада, мәдениет пен әскери салада, тіптен ғарыш саласында да дамып келеді. Бұл ретте мемлекеттеріміздің эксперттік-сараптамалық бағытта да байланыстарын арттыру – заңдылық.

 

Сурет: presidentlibrary.kz