Ақтауда ұлттық киімдер көрмесі өтіп жатыр

Ақтауда ұлттық киімдер көрмесі өтіп жатыр

Ақтауда ұлттық киімдер көрмесі өтіп жатыр.  Мұнда елімізде өмір сүріп жатқан этномәдени бірлестіктердің 50-ден астам ұлттық киімі көптің назарына ұсынылды. Олардың бірі  Қарақалпақ халқының ұлттық киімі Мына көйлек  дала шөбінің суына боялған соң, «көк көйлек» деп аталады. 18 ғасырда пайда болған ұзатылар қыздың киімін тігуге шеберлер жарты жылын сарп етеді екен.

 

Миуагүл ТАРИХОВА, ҚАРАҚАЛПАҚ  ҰЛТЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Мынау ішіндегі кимешек деп аталады. Ол екі түрге бөлінеді. Қызыл, ақ кимешек болады. Қызыл кимешек ұзатылып жатқан қыз, жас келіншектер киетін болған. Ақ кимешекті ересек 30-40 жастағы әйелдер киген. Ішіндегі сәукеле деп аталады. Бұл ұзатылар қыздың бас киімі. Сыртындағы қарақалпақша бешпент.

 

Көрмедегі қазақ пен қырғыз, өзбек пен башқұрт, орыс пен украин, кавказ халықтары да өзіне тән киімдері арқылы тарихы мен салтынан сыр шертті.

 

Аманкүл ЖАЙЫЛХАНОВА, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына байланысты, біз Қазақстанда тұратын этномәдени бірлестіктердің, өзге ұлт өкілдерінің ауызбіршілікте, біртектілік пен бірлікте өмір сүріп жатқанын негізгі бір бағыт деп есептейміз. Біз соған байланысты өтіп отырған шара болғандықтан, мәні өте зор.

 

Шараға келушілер қолөнер бұйымдарымен танысып, ұлттық тағамдардан ауыз тиді. Ал ұлттық киімдегі қуыршақтар көрмеге ерекше сипат бергендей. Достық үйінің қызметкерлері жасаған ойыншықтар да бірліктің нышанындай.

 

 

 

 

Сурет: www.24.kz