БҰҰ құптаған көрген Манифестке Еуропарламент мән берді

БҰҰ құптаған көрген Манифестке Еуропарламент мән берді

Еуропарламент "Әлем.21 ғасыр" манифесіндегі бастамалар мен бағыттардың жүзеге асыру мақсатында жұмыстар атқаруда. Енді Еуропада  әуе жолаушылары туралы ортақ мәліметтер жүйесі құрылатын болды. Бұл да лаңкестіктің алдын алудың бір жолы, дейді депутат Григуле.

 

Ивета ГРИГУЛЕ, ЕУРОПАЛЫҚ ПАРЛАМЕНТТІҢ ДЕПУТАТЫ:

Ол бастамаларға міндетті түрде қолдау көрсетілуі тиіс. Себебі әлемде болып жатқан оқиғаларға тосқауыл болмаса ертеңіміз бұлыңғыр тартады. Егер жер шарындағы 200-ден астам мемлекет басшылары Қазақстан Президентін толық қуаттаса, әлемде бейбітшілік орнайды. Демек соғыссыз әлем деген сол. 

 

Әскери атомды бейбіт мақсатта ғана қолдану- жаһан жұрты алдында тұрған басты мәселе. Осы ретте МАГАТЭ бірнеше жылдан бері төмен байытылған уран банкін құруды ұсынып келеді.

 

Хамид АИТ АБДЕРРАХИМ, БЕЛЬГИЯДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бұл идеяны жүзеге асырған Нұрсұлтан Назарбаев. Барлық қалдықтар банкке қайтарылып, МАГАТЭ бақылауында болады. Сол кезде ядролық мәселелер шешімін табады. Оның үстіне энергетика саласы дамиды. Қазақстанның бұл бағытта тәжірибесі мол.      

                                                            

 Әлем саясаткерлерінің пікірі бір арнаға тоғысты. Қазақстан тәжірибесі барша жұртшылыққа үлгі болуы тиіс.