Алматы облысында «Қалқан-2016» тактикалық жаттығулары өтуде

Алматы облысында «Қалқан-2016» тактикалық жаттығулары өтуде

Алматы облысында Шекара қызметі академиясы мен Құрлық әскерлерінің Әскери институты курсанттарының қатысуымен «Қалқан-2016» арнайы тактикалық жаттығулары өтуде.  3-4 курс курсанттарына жүктелген міндет -өзенді кесіп өткен шартты жауға тойтарыс беру.

 

Әлібек ИСМАИЛОВШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ АКАДЕМИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оқу-жаттығуға курсанттардың өздері басшылық жасады. Офицерлер тек жаттығу жетекшісінің орынбасарлары ретінде ғана қатысып, курсанттардың іс-әрекетін бағалады.

 

Курсанттар үнемі теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып тұрады. Шекара қызметі академиясының құрылғанына биыл 85 жыл, ал Құрлық әскерлері әскери институтының жарты ғасырға жуық тарихы бар. Соған қарамастан ,екі әскери оқу орны біріккен тактиқалық оқу-жаттығуды алғаш рет өткізіп отыр.

 

Ерлан ЖАЗЫСБАЕВШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 4-КУРС КУРСАНТЫ:

Бұл оқу-жаттығуында құрлық әскерлерімен тәжірибе алмастық. Қаруларын көрдік. Шекара қызметі академиясын бітіріп, ары қарай офицерлік борышымды өтеп, Қазақстан Республикасына қызмет етуімді жалғастырсам деген ойдамын.

 

Шекара қызметі академиясы жетекшілерінің айтуынша, тактикалық оқу-жаттығу жұма күні қорытындыланады. Кемшіліктер мен тиімді тұстары ескеріліп, курсанттардың оқу бағдарламасына тиісті өзгертулер енгізілетін болады. 

 

 

Сурет: www.inform.kz