Ресейлік туристер Қазақстанды таңдауда

Ресейлік туристер Қазақстанды таңдауда

Жазғы маусымда Алакөл, Балхаш және Бурабай демалыс орындарына көрші елдердің туристері тарапынан сұраныс көп. «Туризм және саяхат» көрмесінің ұйымдастырушыларының айтуынша, демалушылардың көбі Ресейден келеді. Алматыда жыл сайынғы дәстүрлі форумда 35 елдің 300-ден аса компаниясының өкілдері туризм саласын дамыту мәселелерін талқылады. Мамандардың болжауынша, биылғы жылы туристердің саны ең жоқ дегенде 20 пайызға артады. Өткен жылы Қазақстанда 200 мыңнан аса шетелдік демалған. Инфрақұрылым мен автожолдар жақсарған сайын демалыс орындарына деген қызығушылық та артуда. Қазірдің өзінде ресейлік туристік операторлар еліміздің демалыс орындарына алдын ала тапсырыс жасап қойған.

 

Серік ТҰРДАЛИЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Биыл жолдар салынғаннан кейін көлік жүріп тұрғаннан кейін біз Алакөл жағасында  жақсы деңгейдегі қонақүй салынып жатыр. Оның біреуі осы мамыр айында ашылады. Екіншісі - күзде. Тағы біреуі келесі жылы ашылады.

 

Сурет: ht.kz