«Дала қыраны - 2016» әскери жаттығуы өткізіледі

«Дала қыраны - 2016» әскери жаттығуы өткізіледі

Қазақстанның бітімгершілік бригадасы кез-келген жедел әрекет ету шараларына дайын. Бұл жөнінде Алматы облысында өткізілген әскери оқу-жаттығу кезінде АҚШ қарулы күштерінің өкілдері мәлімдеді.

 

Елді-мекенге баса көктеп кіріп, жанжал тудырмақ болған қарулы топқа тосқауыл қойылды. Бұл - «Дала қырандары -2016» халықаралық арнайы тактикалық оқу-жаттығуының бір көрінісі ғана. Барлық іс-әрекет алдын ала жоспарланып, талқыланады. Ұлыбритания, Солтүстік Ирландия, АҚШ пен Қазақстан сарбаздары мен командирлері тек ағылшын тілінде ақылдасып, нұсқау береді. Мұндай  жаттығулар осымен 13-рет өткізіліп отыр.

 

Бақытжан ЖЕТПІСОВ, БІТІМГЕРШІЛІК ОПЕРАЦИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 

Оларда 800-ге жуық сұрақтар болады. Солдат қаруды дұрыс қолдана ма, қалай тексеріледі. Қалай жүру керек, халықпен қарым-қатынаста болу керек. Біз өзін өзі тексеру бағасынан өттік. Талабына сай деген баға алдық.

 

Оқу-жаттығуда әскерилердің оқыс-оқиғаларға дайындығы пысықталды. Мәселен, қарулы топ қоршауында қалған елді мекен тұрғындары мен әскерилер үшін ауыз су тапшылығы туындауы кәдік. Сол кезде өзен суын тазалайтын арнайы қондырғылар көмегіне жүгінеді. Ол сағатына 2,5 тонна лай суды тазалап, ішуге жарамды етеді.

 

Кристофер БРОТИГЕМ,  АҚШ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ ҚҰРЛЫҚТЫҚ ӘСКЕРИ ОРТАЛЫҚ ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ОФИЦЕРІ:

 

Қазақстан бітімгершілік бригадасымен үнемі тәжірибе алмасып тұрамыз. Үйренеріміз көп. Бүгінгі жаттығуда өзара іс-қимыл жоғары деңгейде болды деп айтуға болады.

 

Алматы облысындағы «Қарой» әскери полигонында болған оқу-жаттығу он күнге жалғасады. Оған 500-ден астам әскери қызметші қатысып, 60 техника тартылған. «Дала қыраны» халықаралық бітімгершілік операциясының қорытынды екінші кезеңі Ұлыбританияда өткізіледі.

 

Сурет: www.inform.kz


×