Халықаралық арбитраждық орталық жыл басынан бері 20 істі қараған

Халықаралық арбитраждық орталық жыл басынан бері 20 істі қараған

Жыл басында құрылған халықаралық  арбитражды орталық  инвесторлар мен кәсіпкерлердің шағымымен 20-ға жуық істі қарап, аз уақыт ішінде түйінін шешті. Олардың сапында испандық, польшалық және ресейлік инвесторлар бар. 

 

Эльдар ДӘУЛЕТ, КОМПАНИЯ ЗАҢГЕРІ:

 

Біз арызданған тарап 5 млн теңгеден асатын қаражат қарыз болды. Төрелік сотқа жүгінген соң, дауымыз бір айдың ішінде қаралып, шешім шықты. Баж салығы мемлекеттік соттардағыдан әлдеқайда төмен екен. Алғашқысы 3 пайыз алса, арбитражды сот 2 пайыз бен тіркеу үшін 6 мың теңгедей алады.

 

Дәстүрлі сотта мұндай іс 12 айға дейін созылса, төрелік сотта  бір ғана қадам болады, оның ақтық шешімі өзгермейді. Бұл әділет үйінің тағы бір артықшылығы – арызданушылар төрелік етер судьяны өздері таңдайды.

 

Анатолий ЛИННИК, ТӨРЕЛІК СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ:

 

Екі тарап та төрені өзі таңдайды. Өзара келісіп, істі бір немесе 3 бірдей судья қарайтынын шешеді. Әрқайсысы бір бірден таңдаса, сол екі төре үшіншісін бекітеді.

 

Ал бизнес иелерінің әр шағымын білетін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрелік сот қазіргі экономикалық жағдайда қажетті таптырмас институт екенін айтады.

 

Асқар ҚАЛДЫБАЕВ, «АТАМЕКЕН» ҰКП ТӨРЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

 

Шетелдік инвесторлар Қазақстанға келмес бұрын, дауды арбитражды сот арқылы шешуге бола ма, жоқ па, соны тексереді. Егер мүмкіндік болмағанда ол тиімді шешіле ме, жоқ па. Соны қарайды. Яғни, біздің заңнамамыз халықаралық тәжірибеге сай болуы тиіс.  

 

Сурет: habrahabr.ru