Ақтөбе облысында 189 мың га жер аукционда сатылады

Ақтөбе облысында 189 мың га жер аукционда сатылады

Ақтөбе облысында 189 мың гектар жер аукцион арқылы сатылады. «100 нақты қадам» ұлт жоспарында ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін оларды нарықтық айналымға енгізу қажеттігі айтылған. Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері Ақтөбе облысына барып, жер кодексіне енгізілген түзетулерді түсіндірді. Енді мемлекет меншігіндегі жерлер аукцион арқылы сатылады. Ұзақ мерзімге жалға берілген жер телімдерін сатып алу үшін жеңілдік шарттары ұсынылады. Оны Қазақстан азаматтары ғана сатып ала алады, ал өзгелерге тек жалға алу мүмкіндігі қарастырылған. Қазір елімізде ауыл шаруашылығына арналған жердің 98,7 пайызы ұзақ мерзімге жалға берілген. Бірақ, 7,4 млн гектары әлі пайдаланылмай жатыр.

 

Батыр АРТЫҚОВ, ЖЫЛЫЖАЙ ДИРЕКТОРЫ: 

8 гектар жерді 49 жылға жалға алып отырмыз. Қазір осы жерді жеңілдетілген бағамен сатып алуға болады. Яғни, өзіміз еркін пайдалана аламыз және банкке кепілдікке қоюға мүмкіндік болады.Себебі, бизнесті дамыту үшін несие алу қажет. 

 

Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Екінші туындайтын мәселе - мына жер сатылатын болған соң, оның кадастрлық бағасы өсіп кетпей ме деген сөз, жоқ, баға кадастрлық өспейді. Оларға берілген жеңілдік бағасы бойынша 50 пайызға төмендетіліп, 10 жылға төлем ақысын ұзартуға болады.

 

 

 

Сурет: rus.azattyq.org