Иран инвесторлары ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қоспақ

Иран инвесторлары ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қоспақ

Иран инвесторлары Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығын дамытуды көздеп отыр. Ирандықтар қой өсіріп, көкөніс және астық дақылдарын егіп,  егістік жердің құнарлығын жақсарту жұмыстарымен де айналыспақ. Ақтөбе облысының әкімдігі ирандық компанияға биыл 10 мың гектар жер бөлмек.  Ал, келер жылы инвесторларға 100 мың гектар жер бөлу қарастырылған. Ирандық тағы бір инвестор Ақтөбе облысының басшылығынан қой шаруашылығын дамыту, әрі олардың саны мен өнімділігін арттыру мақсатында ұзақ мерзімді іскерлік ынтымақтастық туралы келісім жасауға ұсыныс білдірді. Олар Ақтөбе өңірінде 10 мың бас ірі қара мен 100 мың бас қой өсіретін мал шаруашылығы фермасын салу мүмкіндігін қарастыруда. Ирандық кәсіпкерлер  сауда экономикалық қатынастарды күшейтіп, экспорт көлемін арттыру бағытында қазақстандықтармен бірлесе жұмыс жасауға даярмыз деп отыр.

 

Шахрам РАШИДОВ, ИРАНДЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ  ӨКІЛІ:

 

Біз бұл жерде  қияр, қызанақ, құлпынай өсірсек дейміз. Ақтөбеден 40 гектар жерге жылыжай мен көкөніс сақтайтын қойма да салу жоспарымызда бар. Біз голландиялық соңғы үлгідегі технологиямен өсіреміз. Қазір келісім жасадық. Құрал - жабдықтардың 30%  ақшасын да төлеп қойдық.

 

Сурет: arxiv.az