Талдықорғанда 25 мың алма ағашы отырғызылмақ

Талдықорғанда 25 мың алма ағашы отырғызылмақ

Талдықорғандықтар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 мың алма ағашын отырғызбақ. Осы әрекеттерімен олар облыс орталығын үлкен баққа айналдыруды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда қала бойынша 5 мың алма ағашының түбі тамыр жайып үлгерді. Саябақ, мектеп, аурухана, кәсіпорын мен үй аулаларында алманың ең тәтті деген сұрыптары өсетін болады. Мамандардың айтуынша, олар алғашқы жемісін келер жылы бере бастайды.

 

Бағдат ҚАРАСАЕВ, ҚАЛА ӘКІМІ:

Осы жаңа жобаның маңызы бюджеттен қаражат жұмсалған жоқ.  Өздері өз еркімен сол жаңағы питомниктан, мына кеше ғана бірінші көлікпен алып келді.

 

 


Сурет: bnews.kz