Оңтүстік Қазақстаннан Ресейге жеміс-көкөністер тікелей жеткізіледі

Оңтүстік Қазақстаннан Ресейге жеміс-көкөністер тікелей жеткізіледі

Ресейдің шығыс өлкесі Оңтүстік Қазақстан облысында өсетін көкөніс, жеміс-жидекті енді арадағы делдалсыз сатып алатын болды. Шымкентте өңірдегі ауылшаруашылығы өнімдерін өндіретін компаниялар ресейлік ірі сауда желісінің өкілдерімен бетпе-бет кездесіп, тығыз байланыс орнату жолдарын талқылады. Көрші мемлекеттің Омбы, Новосібір, Краснояр өлкелерінің тұтынушылары біздің жеміс-жидек, көкөнісіміздің дәмін, сапасын біледі. Бірақ, аз көлемде алатын. Ал ірі сауда желілері тіптен, базардан сатып алып, сөрелеріне қояды екен. Енді тікелей өндірушіден алатын мүмкіндіктерді қарастырып жатыр. Ай сайын қажетсінетін көкөніс, жеміс-жидегінің түрін, көлемі де қомақты. Оңтүстік қазақстандық дихандардың сол сұранысты қанағаттандыра алатын мүмкіндіктері бар.

 

Роман ГОРБАТОВ, САУДА ЖЕЛІСІНІҢ ӨКІЛІ (РЕСЕЙ):

 

Сауда желісі дамып келеді, ал Қазақстан мен Ресейдің арасындағы экономикалық қарым-қатнаста кедергілер кеміді. Сол себепті де бізді оңтүстіктің ауылшаруашылығы өнімдері қызықтырады. Арадағы делдалсыз сауда өнімнің бағасының арзан болуына себеп.

 

Сурет: halykemi.wordpress.com


×