2019-шы жылға дейін геологиялық барлау жұмыстарына 900 миллиард теңге бағытталады

2019-шы жылға дейін геологиялық барлау жұмыстарына 900 миллиард теңге бағытталады

Елімізде 2019-шы  жылға дейін геологиялық барлау жұмыстарына  900 миллиард теңге жұмсалады. Бұл қаржы жаңа кен орындарын ашып, пайдалы қазбаларды өндірудің заманауи тәсілдерін меңгеруге бағытталмақ. Қазақстандық геологтардың төл мерекесіне орай  еліміздің Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев сала майталмандарын арнайы құттықтады. Ал жер қойнауы мен пайдалы қазбаларды игеруге сүбелі үлес қосқан 120 адамға мерекелік медальдар табыс етілді. Бүгінде елімізде геологиялық зерттеуге байланысты 100-ге жуық жоба қолға алынған. Оларға үкімет тарапынан қаржы бөлініп, шетелдік инвестициялар да тартылып жатыр. Мәселен, "Қазгеология" акционерлік қоғамы соңғы 3 жылда өзге мемлекеттерден 50 миллион доллар қаржы тартуға атсалысқан. "Алдағы 3 жылда шетелдік капитал мөлшері осыдан екі есе артады", - дейді компания мамандары. 

 

Ермек МЫРЗАШ, ЖОБАЛАУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 

Бұл геологтар күнінің 50 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Бұл өте үлкен нәтиже деп айтуға болады. Кен орындарын табу арқасында көп адамдар жұмысқа қабылдап, жаңадан кен орындарын ашу бүкіл Қазақстан үшін зор деп ойлаймын. Мұнай газ кен орындарының бүкіл соған қатысты қызметтерімен жұмыс жасаймыз. Жылына 100 үстінде жобалар жасайды.

 

Сурет: promarm.livejournal.com