Қазақстан-Венгрия инвестициялар қоры жұмысын бастады

Қазақстан-Венгрия инвестициялар қоры жұмысын бастады

Қазақстан-Венгрия инвестициялар қоры өз жұмысын бастады. Елордада  «ҚазАгро» холдингiнiң төрағасы және Венгрия «Эксимбанкі» бас директорының орынбасары сәйкес келісімге қол қойды. Бірлескен қордың бастапқы  капиталы - 40 млн доллар. Яғни, әр тараптан 20 млн доллар көлемiнде салым енгізілді. Бұдан бөлек, ортақ іске жергілікті және шетелдік инвесторлардан қосымша 100 млн доллар тарту жоспарланып отыр. Бұл қаржы тікелей отандық агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына жұмсалмақ. Ауылшаруашылығы өнімін өңдеуге бағытталған әр тың жобаны жүзеге асыру үшін 10 млн доларға дейін қаржы құю межеленген. Қор капиталы 2020 жылға дейін игерілетін болады.

 

Нұрлыбек МАЛЕЛОВ, "ҚАЗАГРО"  ХОЛДИНГІ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі шараның маңызы өте зор. Себебі бұндай қор ауылшаруашылығында бұрын құрылмаған. «ҚазАгро» үкімет тарапынан ақша алатын. Бұл альтернативті түрде нарық тарапынан алынатын қаржы көзінің бірі болып есептеледі. Біз Венгриялық әріптестермен шектелмей, тағы Қытай және Англиямен осындай қорлар ашуға дайынбыз. Ол үшін қазір іс-шаралар өткізіп жатырмыз.

 

 

 

Сурет: m.khabar.kz