Астана әкімдігі мен "Даму" қоры стартап-жобаларға 2 млрд теңге бөлмек

Астана әкімдігі мен

Астана әкімдігі мен "Даму" қоры күш біріктіріп, стартап жобаларды қолдауға кірісті. Қол қойылған екіжақты меморандумға сәйкес, жас кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банк арқылы 2 млрд теңге бөлу жоспарланған. Алдымен, арнайы комиссия құрылып, лайықты стартапшылардың идеялары іріктеледі. Ал өтініштер түскенге дейін, кәсіпкерлер палатасы бизнес-жоспар құру, есеп-қисап жүргізу, мемлекеттік сатып алуларға қатысу жөнінен жас мамандарға қол ұшын бермек. 

 

Ғани ТАСМАҒАМБЕТОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ерекшелігі - кәсіпкерлер палатасы жобаларды іріктейді, содан кейін қаржыландыру қарастырылады. 43 пайыздық мөлшерлемесі 7,9 пайыз болады. 7 жылға бөлінеді.

 

 

 

Фото: www.damu.kz