Ресей Қазақстаннан жеміс-жидек пен көкөніс сатып алмақ

Ресей Қазақстаннан жеміс-жидек пен көкөніс сатып алмақ

Ресейлік дүкендер желісі қазақстандық жеміс-жидек пен көкөніске қызығушылық танытты. Ірі сауда орын өкілдері Талдықорған қаласында отандық тауар өндірушілермен кездесіп, әріптестік орнату мәселесін талқылады. Көршілер өнімдерді импорттау үшін делдалсыз қарым-қатынас жасап, өндірушілермен тікелей жұмыс жасауды көздейді. Делегация құрамында Сібір мен Қиыр Шығыстың 9 ірі сауда желісі өкілдері бар. Олар Қазақстаннан ай сайын 30 мың тонна көкөніс пен жеміс-жидек сатып алуға дайын. Кездесу барысында Ресейдің сауда өкілдері Қазақстанмен қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

 

Роман ГОРБАТОВ,  БАРНАУЛ ҚАЛАСЫ ДҮКЕНДЕРІ ЖЕЛІСІНІҢ ӨКІЛІ:

Қазақстан мен Ресей - ең жақын көршілер, логистика жағынан тиімді, өнімді жеткізу ,тасымалду арзанға түседі.  Мысалы, сонау Түрікиямен салыстырғанда, едәуір үнемдеуге болады. Яғни, сапалы өнімді қысқа мерзімде алуға мүмкіндік туады.

 

Елена САРҒАЛДАҚОВА, КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМПАНИЯНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Сәуір айының соңында Алматыда ритейлердің үлкен жиыны өтеді. Ол жерде өзге де тауарлар мен өнімдер көрсетіледі. Ресейдің сауда желілерін консерві өнімдері, ет, киім, аяқ -киім мен өзге де тауарлар қызықтырады. 

 

 

 

Фото: kazakh-zerno.kz


×