Стартап-жобалар үлкен кәсіпке айнала бастады

Стартап-жобалар үлкен кәсіпке айнала бастады

Ерекше стартап-жобалардың үлкен кәсіпке айналатын түрі бар. Бұған, әсіресе, әйелдер қауымы тарапынан қызығушылық көп. Қай іске де үлкен жауапкершілікпен қарайтын нәзікжандылардың бастамасына қаржылай демеу көрсетушілер де табылып жатыр. Бұл – Қазақстандағы жалғыз, ал әлемдегі сегізінші аналарға арналған іскерлік орталығы. Бала күтімімен демалыста отырған Тамиля Анчуткина қол қусырып отырмай, жас аналарға өз кәсібін ашуға жол сілтейтін орталық ашқан. Мұнда жас аналардың үшінші тобы оқуларын аяқтайды. Айта кету керек, алдыңғы топтағы 20 әйелдің 13-і бүгінде өз ісімен дөңгелетуде.



Сурет: 24.kz