Каспий өңіріндегі ескі мұнай ұңғымалары жіті бақылауда

Каспий өңіріндегі ескі мұнай ұңғымалары жіті бақылауда

Каспий теңізінің Қазақстандық секторында бүгінде 32 мыңнан астам мұнай ұңғымасы жұмыс істеп тұр. Олардың жыл сайын жүзден астамы істен шығады, болмаса мұнайы түгесіледі. Сондықтан оларды заласыздандыру - кезек күттірмейтін шаруа. Атырау облысындағы кәсіби әскерилендірілген аварилық-құтқару қызметінің мамандары қар еріп, топырақ дегдісімен ескі мұнай кеніштерін аралап шықты. Мемлекеттік бағдарлама бойынша Атырау, Маңғыстау облыстарындағы ескі кен алаңдарына сараптамалық тексерулер жүргізілген болатын. Осы тексеру шараларының арқасында Каспий жағалауында суда қалған 1900 ұңғыма және құрлықта тағы 2000 ұңғыма бар екені анықталды. Олардың 90-ға жуығы апатты жағдайда. Мамандар жаңа технологиялар арқылы ескі ұңғымаларды кезең-кезеңімен заласыздандыру үстінде. Айтуларынша, қазіргі таңда қоршаған ортаға төніп тұрған қауіп жоқ.

 

Борис ШОРАБАЕВ, КӘСІБИ ӘСКЕРИЛЕНДІРІЛГЕН АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ РМК  МҰНАЙ ҰҢҒЫМАЛАРЫНДАҒЫ АПАТТЫҢ АЛДЫН-АЛУ ИНЖЕНЕРІ:

Филиалда 2 бөлімше жұмыс істейді. Біреуі - құрлықта, екіншісі , теңізде. Құрлықтағы бақылау жұмыстарын, өндірістік қауіпсіздік жұмыстарын біздің апаттың алдын-алу жөніндегі инженерлер бақылап отырады. Сол құрлықтағы қазір таңда техногендік сипаттағы қауіп төндіріп тұрған ұңғымалар жоқ деп айтуға болады.

 

 

 

Сурет: www.inatyrau.kz